Нұр-Сұлтанда футбол жанкүйерлері арасында төбелес болды
Қызылордалық "Қайсар" клубы "Атыраумен" бірге өткізген матчта 2:1 есебімен жеңіске жетті.
20:10 06.10.2019
Екі клубтың жанкүйерлері матч соңында футбол алаңында төбелес шығарды. Қызылордалық "Қайсар" және "Атырау" клубының жанкүйерлері Қазақстан Кубогы - 2019 аясында өткен ақтық матч соңында төбелесіп қалды.
Алғашқы голды ойынның 67-ші минутында атыраулық команданың шабуылдаушысы Петар Гжельчак салды. 87 минутта алаңға шабуылдаушы Игорь Зенькович шығып, есепті теңестірді. Ойынның соңғы минуттарында Думан Нәрзілдаев "Атырау" қақпасына екінші голды салды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!