Маңғыстау облысында жарылыс болды
Маңғыстауда құрылысы жүріп жатқан үйде жарылыс болып, екі адам зардап шекті.
08:17 07.10.2019
6 қазан күні таңғы сағат 9:00 шамасында Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында құрылысы жүріп жатқан үйде жарылыс болды. Онда жалпы аумағы 300 шаршы метр болатын құрылыс аумағында газ жарылып, салынып жатқан нысан бұзылған.
Салдарынан 2 адам зардап шекті. 20 жастағы жігіттің жағдайы ауыр. Зардап шеккен екінші азамат, 44 жастағы ер адам жабық бас-ми жарақатымен және өзге де дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ оның миы шайқалғандығы анықталды. Болған жайдың мән-жайы анықталуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!