«Барыстың» бұрынғы ойыншысы 29 жасында дүниеден озды
Ресейлік «Сібір» хоккей клубының ойыншысы Самвел Мнацян ауыр дерттен қаза тапты.
08:41 07.10.2019
Ресей хоккей федерациясының хабарлауынша, спортшы бір жыл бойы онкологиялық дерттен зардап шекті. Самвел 29 жаста еді. Қорғаушы болып ойнаған Мнацян, қазақстандық «Барыс» командасында өнер көрсетті. 2018 жылдың мамырында «Сібір» командасының ойыншысы атанды.
КХЛ чемпионаты мен плей-оффта Мнацян 183 матчқа қатысып, 13 ұпай жинады. Ресей хоккей федерациясы спортшының отбасы мен жақындарына көңіл айтты. Былтыр тамызда жаңасібірлік клуб хоккейшінің онкологиялық ауруға шалдыққанын, шұғыл емделуі керектігін растаған. «Сібір» командасы үшін ол ойнап үлгермеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!