Көкшетауда оқушы 8 қабаттан секіріп мерт болды
Көкшетауда 8 сынып оқушысы 8 қабаттан секіріп мерт болды.
09:47 07.10.2019
Ведомствоның дерегі бойынша, оқиға қазанның 4-де Көкшетау қаласы Потанин көшесінің бойындағы тұрғын үйде болған. Бұл туралы полицияға сағат 11:46 жедел жәрдем қызметінің дәрігері хабарлаған.
«Оқиға орнына жеткен кезекші жедел-тергеу тобы 2006 жылғы жасөспірімнің 8 қабаттағы өз пәтерінің балконынан секіргенін және өлер алдында хат жазып қалдырғанын анықтады», - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Қазір кезде, осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 105 бабы (өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!