{metadescription}
Головкиннен жеңілген Деревянченко ел күтпеген мәлімдеме жасады

Головкиннен жеңілген Деревянченко ел күтпеген мәлімдеме жасады

Украиналық боксшы Сергей Деревянченко қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жектен кейін әлеуметтік желілердегі парақшасында мәлімдеме жасады.

Украиналық боксшы Сергей Деревянченко Нью-Йоркте екі әлем титулы үшін қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығып, ұтылып қалды. Бірақ ол өзі жеңілдім деп ойламайды.

"Жеңгенімді сеземін. Мұны бүкіл МСГ (Madison Square Garden) көрді, бүкіл әлем көрді. Өкінішті, кеше біртүрлі жағдай болды. Мені қолдап жатқандардың барлығына көп рахмет!" - деп жазды Деревянченко Instagram-да.

Айта кетсек, 6 қазанда Деревянченко бірінші раундта нокдаунға түсіп, ойын соңында төрешілердің бірауыз шешімімен Головкиннен жеңіліп қалды. Содан кейін қазақстандық реваншқа дайын екенін мәлімдеді. DAZN платформасының көшбасшыларының бірі Эдди Херн де қарсы матч ұйымдастыруға дайын екенін айтты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.