Қазақстанда зейнет жасы 67 жасқа көтеріле ме: Министр жауап берді
Қазақстанда зейнетке шығу жасын 65-67 жасқа көтеру жоспарланып отырған жоқ.
12:43 07.10.2019
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты.
«Ол жалған. Неге десеңіздер, журналист теріс ақпарат берді. 65-67 жасты айтқанда Еуропа мемлекеттерінің тәжірибесін мысалға келтірген едім. Бұл цифрларды тек мысал ретінде ғана келтірдім. Қазақстанда ондай жоспар жоқ. Қазір бұл мәселе талқыланбайды да», - деді Әлихан Смайылов БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Естеріңізге сала кетсек, еліміздің кейбір бұқаралақ ақпарат құралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайыловқа сілтеме жасай отырып, елімізде зейнетке шығу жасын 65-67 жасқа көтеру мәселесі талқыланатындығын хабарлаған еді.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!