{metadescription}
Елордада күйеуі әйелін өртеп жіберді

Елордада күйеуі әйелін өртеп жіберді

Елордалық азамат отбасылық жанжал салдарынан әйелінің үстіне бензин құйып, өртеп жіберді.

Бұл туралы полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.  Оқиға 6 қазанда шамамен 11:40-та болған. Полицияға мамандандырылған ХҚКО аумағындағы автобус аялдамасында денесі күйіп қалған әйелдің жатқанын хабарлаған. Әйел ауруханаға жеткізілді. 

«Әйел ауруханаға жеткізіліп, жатқызылды. Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері күдікті ретінде әйелдің 43 жастағы күйеуін ұстады», - делінген Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті таратқан хабарламада.

Департамент мәліметінше, отбасылық жанжал кезінде ер адам әйелін тасалау жерге апарып, үстіне бензин құйып, өртеп жіберген. Адам өлтіруге оқталу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған азамат кінәсін мойындап отыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 
 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде