{metadescription}
Алматыда ірі жол апатынан бір адам көз жұмып, жетеуі жарақаттанды

Алматыда ірі жол апатынан бір адам көз жұмып, жетеуі жарақаттанды

Алматының орталық көшесінде ірі жол апаты болып, салдарынан 1 адам ажал құшты, тағы 7-еуі жарақат алды.

Оқиға Желтоқсан мен Әйтеке би көшелерінің қиылысында бүгін түнде болды. Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, 28 жастағы БМВ жүргізушісі Әйтеке би көшесінде батысқа қарай келе жатқан. Одан кейін Желтоқсан көшесімен қиылысқан жерге «Жол беріңіз» белгісіне назар аудармай  өтіп кеткен. Аталмыш жайттардан соң  Volkswagen Touareg және Renault Logan мен соқтығысу болған деп мәлімде берілген баспасөз баяндамасында.

Салдарынан «BMW» жүргізушісі мен оның екі жолаушысы жарақат алды. Олардың бірі ауруханада көз жұмды. «Volkswagen Touareg» пен «Renault LOGAN» көлігіндегі жарақат алған 5 адам ауруханаға жеткізілді. «BMW» жүргізушісі ұсталды. Бұл дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасында тергеу жүргізіліп жатыр.

«Оқиға ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру реестріне тіркелді. «BMW»-ның 28 жастағы жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде