Алматы облысында үш вагон рельстен шығып кетті
Оқиға Алматы облысында орналасқан Қопа станциясындағы Алматы - Отар аймағында болған.
15:45 07.10.2019
Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлайды.
«6 қазанда сағат 21:07-де Қопа станциясында №3471 жүк пойызы «тарту» режимінде тежеуіш сызығында қысым төмендегендіктен машинист 23, 24, 25 вагондарының түсіп бара жатқанын байқаған. Қалыпқа келтіру пойызы Алматы станциясынан сағат 21:47-де жүріп кетті», - делінген хабарламада.
Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, Алматының орталық көшесінде ірі жол апаты болып, салдарынан 1 адам ажал құшты, тағы 7-еуі жарақат алды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!