Алматыда жалған ақша жасайтын цех табылды
Алматыда жалған ақша басып шығарумен айналысқан астыртын цех әшкереленді.
16:52 07.10.2019
Алматы қалалық экономикалық зерттеулер қызметінің таратқан мәліметіне сәйкес, қылмыстық топ 500, 5000 номиналдағы ақшаны қолдан жасаумен айналысқан. Топ құрамында 4 адам жұмыс істеген.
«ҚР Ұлттық банкінің банкноталарын жасайтын астыртын цех жұмыс істеген. Купюраларды 4 адам бірігіп қолдан жасаған. Цех ішінен ноутбуктер, түрлі түсті принтер, еріктіш, ультракүлгін сәуле шығаратын шам, ламинатор, клише, бояу құйылған құтылар, ішінде сурет сақталған флэш-тасымалдаушы құралдар, құны 308 000 теңге болатын жалған ақша табылды», - делінген баспасөз хабарламасында.
Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 231-бабының 2-бөлімімен қылмыстық іс қозғалып, сот қарауына берілді.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!