Миллиардер халыққа ақша шашты
Ресейлік миллиардер Игорь Рыбаков Санкт-Петербургте өткен бизнес-форум барысында неліктен көрермендерге 20 мың доллар (7,7 млн теңгеден аса) көлемінде ақша шашқанын түсіндірді.
17:49 07.10.2019
Кәсіпкер қазан айының басында Санкт-Петербургте өткен бизнес-форумға қатысқан еді.
«Бұл алға қойған мақсаттарымды жүзеге асыру үшін салған салымым. Мен инвестормын. Ал инвесторға әлденеге ақшасын салған кезде, қаржыны аямайды», - дейді кәсіпкер.
Портал мәліметінше, Рыбаков форумда сөз сөйлегені үшін 200 мың доллар (77,7 млн теңгеден аса) көлемінде табыс тапқан. Ол залға шашқан ақшасын көрермендерге арналған «кешбэк» деп атады.
Игорь Рыбаков Ресейдің ең бай адамдарының тізімінде 78-орынға іліккен. Оның байлығы 1,3 миллиард долларға бағаланады. Кәсіпкер – «Технониколь» компаниясының қосалқы иесі, Larix қоры және «Экономикалық дамуды жылдамдату институтының» негізін құрушы.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!