Ресейде аю әйелді талап өлтірді
Забайкалдың Хилок ауданында аю әйелді талап өлтірді.
18:31 07.10.2019
Бұл туралы ауданның бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметі мәлімдеді. Қайғылы оқиға бір күн бұрын Тэрэпхэн ауылынан 100 метр жерде болған.
«1969 жылы туған әйелдің денесі табылды. Оның денесінде сау жер жоқ, әбден шайнап тастаған», - делінген диспетчерлік қызметітң мәліметінде.
Забайкал аймағында жаздың соңынан бері елдімекендерге жиі кіретін болған. Олар ауылдағы омартаны қиратып, иттерді бірнеше рет өлтірген. 5 қазан күні Оймяк ауданында Якутия мемлекеттік жиынының бұрынғы депутаты Александр Крыловтың аю шабуылынан өлгені хабарланған еді.
Дереккөз: Baq.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!