{metadescription}
Жолаушы ұшақ бортында көз жұмды

Жолаушы ұшақ бортында көз жұмды

Сочи-Мәскеу бағдарындағы ұшақ Воронеж әуежайына қонды.

Сочи – Мәскеу рейсі бағдарындағы Utair әуе компаниясының ұшағы бортында бір жолаушының қайтыс болуына байланысты Воронеж әуежайына қонуға мәжбүр болды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне әуежайдың баспаөз хатшысы Наталья Шермина хабарлаған.

"Сочи-Мәскеу бағдарындағы ұшақ Воронеж әуежайына қонды. Бортта жолаушы көз жұмған. Қазір тергеушілер жұмыс істеп жатыр. Ұшаққа ешкімді кіргізбеуде",- деп мәлім етті Шермина.

Оның дерегінше, бортта 178 жолаушы болған. Олар әуежайға орналастырылды. Әуежай өкілінің сөзіне қарағанда, ұшақ Мәскеу уақытымен 15:34-те қонған. Көз жұмған жолаушы - 60 жастағы ер адам.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.