{metadescription}
Елімізде пойыз билеттерінің бағасы қымбаттай ма

Елімізде пойыз билеттерінің бағасы қымбаттай ма

«Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми өкілі Диас Ахметшәріп пойыз билеттерінің бағасы туралы айтты.

«Біз, ұлттық тасымалдаушы ретінде, Қазақстандағы барлық тасымал бойынша қажеттіліктің 80 пайызын жауып отырмыз. Қалған 20 пайыз - жеке компаниялар үлесінде. Біз жыл сайын 120 бағдар бойынша қызмет көрсетеміз. Оның 50 бағыты - жолаушылар тасымалы. 70 бағдар - қала маңындағы тасымал. 50 маршруттың ішінде бізде 39-ның әлеуметтік маңызы бар. 11 - коммерциялық бағдар жұмыс істеп тұр. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі арқылы жасалған әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша ұзақ мерзімді субсидиялау туралы келісім бар. Осы келісімге сәйкес біз жыл сайын әлеуметтік маңызы бар бағдарлардың тарифтерін көтереміз. Өйткені олар мемлекет тарапынан субсидияланады», - деді Диас Ахметшәріп елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Компанияның ресми өкілі сондай-ақ, биыл қанша бағдар бойынша бағаның көтерілгенін айтып өтті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Осы жылы біздің бағаларымыз көтерілген жоқ. Тек қыркүйекте есеп береміз. Ал құзырлы органдар тарифтерді көтеру туралы хат жібереді. Бізде әлеуметтік маңызы бар 28 бағдар үшін тариф 10 пайызға өсті. Бұл жыл сайынғы процедура», - деді Диас Ахметшәріп.


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.