{metadescription}
Атыраулық дәрігерлер 6 айлық сәбиді аман алып қалды

Атыраулық дәрігерлер 6 айлық сәбиді аман алып қалды

Атырауда дәрігерлер алты айлық сәбидің өмірін аман алып қалды.

Ол ішек өтімсіздігінің салдарынан шұғыл түрде облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөліміне жатқызылған. Хабарланғандай, шұғыл түрде хирургиялық бөлімге жеткізілген нәрестеден ауырсыну мен нәжіске қан араласу белгілері байқалыпты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, сәбиде құсудың әсерінен дегидратация дамып, ішек инвагинациясы пайда болған.

«Науқасқа лапароскопиялық әдіспен ота жасалып, бір жарым сағатқа созылды. Бұл елімізде көп кездеспейтін ота әдістерінің бірі. Алайда ота күрделілігіне қарамастан, сәтті аяқталды. Қазіргі таңда сәбидің жағдайы бірқалыпты. Тыныс алу ырғағы қалпында. Отадан кейінгі тігістер алынып, жара өңделді», - дейді хирургия бөлімінің дәрігері Аманжол Адрисов.

Ал ауруханада қажетті ем-дом жасалған сәбидің анасының дәрігерлерге айтар алғысы шексіз.

Дереккөз: stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде