Он жылға сотталған экс-министр Бишімбаев бостандыққа шықты
Мемлекет қаржысын жымқырды деп айыпталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев бостандыққа шықты.
17:54 11.10.2019
Бұл ақпаратты ҚР ІІМ ҚАЖК-ның Шымкенттегі қылмыстық атқару-жүйесі департаментінің баспасөз қызметі растады. Шымкенттік ҚАЖД мәліметінше, Бишімбаев 11 қазанда бостандыққа шықты. Сот осындай шешім қабылдапты.
2018 жылы наурыз айында 10 жылға бас бостандығынан айырылған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Леңгірдегі қауіпсіздігі жоғары мекемеде жазасын өтеп жатқан еді. Ол жазасын жұмсартуды сұрап, өзін қоныс колониясына ауыстыру туралы өтініш берген. Сот оны қауіпсіздігі төмен мекемеге ауыстырудан бас тартқан-ды.
Дереккөз: stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!