Фастфуд пен газдалған сусыннан бас тартқан әйел 35 килограмға арықтады
АҚШ-тың Мичиган штатының 35 жастағы тұрғыны Анжела Герзаникс фастфуд пен тәтті сусындардан бас тартқан соң 70 килограмға арықтаған.
15:13 12.10.2019
Анжела кішкентай кезінен тынышталу үшін денсаулыққа зиян тағамдарды жейтін болған. Небәрі 10 жасқа толғанда дәрігерлер оның салмағы тым артық екенін анықтады. Ол күнде жұмыстан кейін McDonalds-те жүрек жалғап, кейін үйге келген соң отбасымен тағы да кешкі ас ішетін болған.
2015 жылы салмағы 140 килограмм болған Герзаникс бұлай жалғаса берсе өміріне қауіп төнетінін түсінеді. Тіпті, 15 жастағы ұлы Энтони мен 7 жасар Джастинді көрмей қалуы мүмкін. Ол артық салмаққа бола балаларымен ойнай алмай жүргенін түсініп, асқазан баллонын орнатуға шешім қабылдайды.
2016 жылы процедурадан өтіп, диетасын өзгертті: фастфуд бен жартылай дайын өнімдерден бас тартып, тың ет, көкөніс және сүтті тағамдарды тұтына бастайды. Сондай-ақ, газдалған сусыннан бас тартып, орнына құры су мен кофе іше бастады. Күнделікті кемінде 2 литр су ішеді. 2018 жылы дәрігерлер оның салбырап қалған терісін кесіп тастады. Енді Герзаникс бұрынғысынан 10 есе кіші киімдер киіп жүр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!