{metadescription}
Алматыда ірі жол көлік апатынан бес көлік соғысқан

Алматыда ірі жол көлік апатынан бес көлік соғысқан

Алматыда "Hyundai" жүргізушісі ірі жол көлік апатын ұйымдастырды.

Рысқұлов даңғылында орын алған апаттан бес көлік құралы қираған. Куәгерлердің айтуынша, "Hyundai" жүргізушісі өз бағытымен келе жатқан "Toyota-мен" соқтығысқан. Содан кейін ол қарсы жолаққа шығып, "Toyota Highlander" мен "Toyota Carina-ға" соқтығысқан.

Соңғы машина соққыдан жүк көлігіне барып соғылған. "Hyundai" жүргізушісінің айтуынша, есінен танып, болған апаттан ештеңе есінде жоқ. Оқиға салдарынан "Toyota Carina" жүргізушісі мен "Toyota Highlander-де" отырған бала және "Hyundai" көлігінің екі жолаушысы жарақат алды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде