{metadescription}
Салынып жатқан ғимарат опырылып түсті

Салынып жатқан ғимарат опырылып түсті

Төтенше жағдай салдарынан екі адам қайтыс болды.

Жиырма адам зардап шекті. Қонақүй құлаған кезде ғимаратта жүзден аса адам болған. АҚШ-тың Луизиана штатындағы Новый Орлеан қаласында салынып жатқан Hard Rock қонақүйі көзді ашып-жұмғанша жермен-жексен болды.

Төтенше жағдай салдарынан екі адам көз жұмды. Жиырма адам ауруханаға жеткізілді. Қайтыс болған екі адам да құрылысшы болған. Полицейлер бірнеше көшені жапты. Көрші ғимараттарда жұмыс істейтін адамдар эвакуацияланды. Штат губернаторы оқиға орнына жетті.

Құрылыс жоспарына сәйкес, қонақүйде 350 бөлме болуы тиіс еді. Ішінде аумағы 3 500 шаршы метр болатын кең холл салу жоспарланыпты.

Дереккөз: sputniknews.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде