Үйінде темекі тартқан оралдық мерт болды
Оралда өз үйінде темекі шеккен ер адам ажал құшты.
09:17 14.10.2019
БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше сағат 06.57-де Зачаган кентінде болды. Кенттегі 3-я линейная көшесі, 11 мекенжайында тұрғын үй отқа оранды.
100 шаршы метрді қамтыған өрт орнынан жанып кеткен 1963 жылғы азаматтың мүрдесі табылды. Жалын 07.42-де оқшауланып, 07.56-да сөндірілді. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт темекі тарту кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамаудан болған.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!