Бала қағып, қашып кеткен отандасымыз өз еркімен Оңтүстік Кореяға ұшып келді
Оңтүстік Кореяда кішкентай баланы қағып кетіп, соңынан елден кетіп қалған Қазақстан азаматы тергеу іс-шараларына қатысу үшін Сеул қаласына өз еркімен ұшып келді.
10:53 14.10.2019
Бұл жөнінде Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Кінәлі жігіт Оңтүстік Кореяға өз еркімен оралып, апат үшін кешірім сұраған. Ол Инчхон әуежайына келген.
«Қазақстан Республикасы азаматының Кореяға келу барысы елшілік қызметкерлерінің бақылауында өтті. Дипломаттар жеке сұхбат барысында оның құқықтарын түсіндіріп, тергеу кезінде өзін қалай ұстауы керектігі туралы кеңес берді», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта отандасымыз Чангвон қаласының тергеу изоляторында қамауда отыр. Елшілік бұл мәселені ұдайы бақылауда ұстайды.
Еске сала кетсек, 20 жастағы қазақстандық Оңтүстік Кореядағы Чханвон қаласында үйіне бара жатқан 7 жастағы баланы көлікпен қағып кеткен болатын. Алайда ол ертесі күні мемлекеттен кетіп қалған. Артынша күдікті Павлодардан табылған. Ал бала апат салдарынан ауыр жарақат алған. Оның миына қан құйылып, бас сүйегі сынған көрінеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!