{metadescription}
Министрлік Бишімбаевтың босатылуына қатысты пікір білдірді

Министрлік Бишімбаевтың босатылуына қатысты пікір білдірді

Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың босап шығуына қатысты пікір білдірді.

Бұл туралы вице-министр Үкімет отырысынан кейін тілшілерге берген сұқбатында айтты.

«Сот шешімі шықты. Жоғарғы сот бұл іске қатысты мән-жайды түсіндірген болатын. Жоғарғы соттың шешіміне қатысты пікір білдіруге құқым да, құзыретім де жоқ. Бәрі заң шеңберінде болды. Қандай нормативті құжаттардың қабылданғаны туралы мән-жайдың бәрі түсіндірілген», - деді вице-министр Үкімет отырысынан кейін тілшілерге берген жауабында.

Марат Қожаев бұрынғы министр пробациялық бақылауда болатынын мәлім етті.

«4 жыл 8 айға оның жазасы қысқарды, Жоғарғы соттың үкімін оқып көріңіздер. Сонда жазылған. Ол төрт жыл 8 айдың үштен екі бөлігін өтеді, бір жылдан аса уақыт қалды. Менің білуімше, бір жыл үш ай. Осы бір жыл үш айды оған айыппұл ретінде алмастырды», - деді ол.

Еске сала кетсек, 11 қазанда Шымкент қаласындағы түрмеде жазасын өтеп жатқан Қуандық Бишімбаев бостандыққа шыққан болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде