Хагибис дауылынан 36 адам қаза тапты
Жапонияда "Хагибис" дауылы салдарынан 36 адам қаза тауып, 186 адам жарақат алып, 15 адам із-түссіз жоғалып кеткен.
12:47 14.10.2019
Қазанның 12-нен 13-іне қараған түні Жапонияда қатты жел соғып, нөсер жауын жауды. Соның салдарынан, ондаған өзен арнасынан тасып, үлен қалаларды су басты. Жапония теңізінің жағалауы опырылды. Жапондық БАҚ мәліметінше, табиғи апат салдарынан 136 мың адам сусыз, төрт мыңнан аса үй жарықсыз қалған. Қатты жылдамдықпен қозғалатын пойыздардың жұмысы қайта жанданды.
Өзін-өзі қорғау күштерінен 27 мыңға жуық әскери қызметкер Чимкума өзенінің жағалауы опырылғаннан кейін қиын жағдайда қалған 360 адамды құтқару үшін осы өңірлерге, соның ішінде Ноганоға жіберілді.
Нагано стансасының жанындағы Шығыс Жапония теміржол компаниясының теміржол стансасында тұраққа қойылған он қатар жүрдек жолаушылар пойыздарын, есепсіз нысандар мен тұрғын үйлерді тасқын су алып кетті. Құтқарушылар су басқан үйлердегі тұрғындарды құтқару үшін тікұшақ пен қайықтарды пайдаланды.
Жапонияның басты аралы Хонсюде 6 миллионнан астам адамға эвакуация жасауға кеңес берілген. Пойыз операторлары теміржол қатынасына шектеу қойған, ал астаналық және оған жақын аудандардың әуежайлары әлі де жабық тұр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!