{metadescription}
Қазақстандық азаматтың асқазанынан 460 грамм кокаин табылды

Қазақстандық азаматтың асқазанынан 460 грамм кокаин табылды

ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті шымкенттік әріптестерімен бірге Бразилиядан БАӘ арқылы Қазақстанға және одан әрі Түркияға кокаин жеткізудің халықаралық арнасын анықтап, жолын кесті. 

Атап айтқанда, 2019 жылғы наурызда ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы әуежайында кокаинді контрабандалық әкелуді жүзеге асырды деген күдікпен «Дубай-Алматы» авиарейсінің жолаушысы ҚР азаматы М. Сатыбалдиевті ұстаған болатын.

«Тексеру кезінде қалалық клиникалық аурухананың медқызметкерлері арнайы процедура жүргізіп, М. Сатыбалдиевтің асқазан-ішек жолдарынан жалпы салмағы 460 грамм кокаины бар 42 капсула табылды. Жедел тергеу іс-шараларының нәтижесінде оған туыстық қатысы бар Л. Құрманбаева ұсталды. Ол көрсетілген есірткі партиясын Бразилиядан ҚР-ға контрабандалық жолмен жеткізуді ұйымдастырған, сондай-ақ оларды Түркияға тасымалдамақ болған», - делінген хабарламада. 

2019 жылғы маусымда Алматы қалалық Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша сотының үкімімен Л. Құрманбаева мен М. Сатыбалдиев ҚР ҚК 297-бабы 3-б. және 286-бабы 4-б. бойынша кінәлі деп танылып, қауіпсіздігі барынша жоғары түзеу колониясында жазасын өтеумен 15,5 жылға бас бостандықтарынан айырылды», - делінген хабарламада.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде