Атырауда 1 жасар бала резеңке қақпақ жұтып қойған
Атырауда дәрігерлер резеңке қақпақ жұтып қойған бір жасар баланың өмірін сақтап қалды.
19:06 14.10.2019
Ата-анасының айтуынша, тамақтанып отырған кезде бір жасар баласы бірден шашалып, артынша ыстығы көтерілген.
«Екі күн бойы баланың жағдайы нашарлай берген. Содан кейін ата-анасы оны №2 облыстық ауруханаға жеткізген. Тексерген дәрігерлер баланың асқазанында сеппенің резеңке қақпағы бар екенін анықтаған. Оны операция жасап алып тастады», - деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Дәрігерлердің айтуынша, енді баланың өміріне қауіп жоқ.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!