Балабақша меңгерушісі өз кабинетінде парамен ұсталды
Ол біреуді тәрбиеші қызметіне орналастырғаны үшін 200 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.
08:00 15.10.2019
Кентау қаласындағы "Қобыланды" бөбекжай-балабақшасының" меңгерушісі пара алды деген күдікке ілінді.
"Түркістан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Қобыланды бөбекжай балабақшасының" меңгерушісіне қатысты пара алды деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмысын бастады. Ол біреуді тәрбиеші қызметіне орналастырғаны үшін 200 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді", - делінген ресми хабарламада.
Видеода меңгерушінің кабинетіндегі журналдардың бірінен "пара" деген жазуы бар ақшаның шыққанын көруге болады. Ресми ақпаратқа сәйкес, қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары жалғасуда, деп жазады sputniknews.kz.
"Кінәсі анықталған соң күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді сот қабылдайтын болады", - дейді мамандар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!