{metadescription}
Алматыда Невада-Семей антиядролық қозғалыстың вице-президенті ұсталды

Алматыда Невада-Семей антиядролық қозғалыстың вице-президенті ұсталды

Оңтүстік астанада «Невада - Семей» антиядролық қозғалысының вице-президенті Харон Дадаев ұсталды. 

Бұл ақпаратты қалалық полиция бөлімі растады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Дадаев осы жылдың қыркүйегінде ұсталған. Ол алаяқтық жасады деген күдікке ілініп отыр.

«Алматы қаласының полиция депратаменті азамат Д.-ны осы жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігі (сенімге кіріп алдау арқылы алаяқтық) бойынша қылмыс жасады деген күдікпен ұсталғанын растайды. Қазіргі уақытта бұл қылмыстық істің материалдары сотта қаралуда», - деді полиция.

Дадаев Олжас Сүлейменовтің антиядролық іс-әрекеттегі серіктесі ретінде танымал. Сүлейменов 1989 жылы «Невада - Семей» қозғалысын құрды. Невада - Семей қозғалысының күш-жігері Қазақстандағы ядролық сынақтарды тоқтатты: 1991 жылы 29 тамызда «Семей полигонын жабу туралы» Жарлық шықты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

17 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде