Әйел унитаздан егейқұйрық жеп жатқан жыланды көрген
Аустралия тұрғыны түнде унитаздан егеуқұйрықты жеп жатқан жыланды көріп, қатты шошыған.
19:22 15.10.2019
Кондитер болып жұмыс істейтін Жана Энглер 12 қазанда түнгі сағат 4-те дәретханаға барған. Алайда ол унитаздан жыланды көріпті. Ол егеуқұйрықты жеп жатқан.
«Шошығаннан не істерімді білмей қалдым. «Бұл не сұмдық?!», - деген ой ғана келді», - дейді әйел.
Мұнан кейін Энглер ұлын оятып, дәретханадағы сұмдықты көрсеткен. Айтуынша, ұлы мұндай көріністі көріп, қайран қалыпты.
«Ол жыланның егеуқұйрықты біздің көз алдымызда жеп жатқанына таңғалды», - дейді Жана Энглер.
Мұнан кейін әйел жұмысына кетіп қалған. Ал үйіне қайтып келгенде, унитазда жылан да, егеуқұйрық та болмаған. Ендігі ол жыланның қайтып келмейтініне үміттеніп отыр.
Дереккөз: stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!