{metadescription}
Тоқал алуға қарсы шықпақ: 20-дан астам ұйым әйел мүддесі үшін бірікті

Тоқал алуға қарсы шықпақ: 20-дан астам ұйым әйел мүддесі үшін бірікті

Қазақстанда гендерлік теңсіздікке қарсы "Қазақстанның әйелдер күштерінің альянсы" атты жоба қолға алынды.

Алдағы уақытта әйел қауымының жоғын жоқтайтын ұйымдар нәзік жандылардың жағдайына мемлекеттің назарын аудартпақ. Мұнымен қатар, олар тоқал алу идеясына қарсы шықпақ.

"Ұйымның мақсаты – әйел статусын, оның экономикалық жағдайын жақсарту. Әйелдер өзін-өзі қамтамасыз ете алатындай жағдай жасау.Осы мақсатта альянста 20-дан астам үкіметтік емес ұйым бас қосып отырмыз", - деді "Қазақстанның әйелдер күштері альянсы" төрайымының орынбасары Назгүл Мақжанова. 

Аталған ұйымның өкілдері қазақстандық әйелдердің мүмкіндіктері шектеліп, осының салдарынан әлеуметтік кәсіпкерлікпен ғана айналысуда. Ең жаманы -  қыз-келіншектер шетелдіктерге тұрмысқа шығып, отбасылы ауқатты ер адамның етегінен ұстауға мәжбүр. 

Елімізде әлі күнге дейін әйелдердің жалақысы ерлерден 30 пайызға төмен. Оның ішінде 57 пайызы тұрақты жұмыс істемейді.  Сондықтан аталмыш топтың өмір сүру сапасын арттырып, әл-ауқатын жоғарылатуды көздеген альянс бірнеше бағыттан тұратын бағдарлама ұсынды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде