{metadescription}
Министр қазақстандықтарға темекіні қойғызудың тәсілін айтты

Министр қазақстандықтарға темекіні қойғызудың тәсілін айтты

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов заңнамалық тұрғыда электронды сигареттерді темекілерге теңестіруді көздеп отыр.

«Бұл мәселені құқықтық база аясында шешу үшін заңнамаға бірқатар өзгеріс енгізуді жоспарлап отырмыз. Яғни, электронды сигареттерді, вейпингтерді дәстүрлі темекілерге теңестіру керек. Бізде дәстүрлі темекіге деген талап қатал. Мейрамханада, қоғамдық орындарда темекі шегуге болмайды. Алайда бұл жерде мәселе заңнамалық түрде реттелмеген жаңа өнімдерде болып тұр. Күні ертең мен Парламентте заңнамаға енгізілетін жаңа өзгерістерді таныстырамын. Ол бойынша жоғарыда аталған өнімдер қатаң реттелетін болады», - деді Елжан Біртанов елордада өтіп жатқан Онкологиядағы Дүниежүзілік көшбасшылар саммитінде тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Еске сала кетсек, елордада кеше Онкологиядағы Дүниежүзілік көшбасшылар саммиті басталған еді. Форум жұмысына Халықаралық обырға қарсы одақ (UICC) президенті, жоғары мәртебелі ханшайым Дина Майред, Қазақстан Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қатысуда.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде