{metadescription}
Қазақстанда алғаш рет ЭКҰ әдісімен өмірге келген қыз ана атанды

Қазақстанда алғаш рет ЭКҰ әдісімен өмірге келген қыз ана атанды

15 қазанда экстракорпоральді ұрықтандыру арқылы 23 жыл бұрын дүниеге келген алғашқы қазақстандық қыз ана болды.

Әйел табиғи жолмен босанды. Нәресте уақытылы және дені сау болып дүниеге келді. Салмағы 3,200 грамм.

«1996 жылы ана болу мүмкіндігінен айырылған науқасқа ұзақ уақыт бойы экстракорпоральді ұрықтандыру бағдарламасын жүргіздім. Алғаш рет сәтсіз орындалды, одан соң бір айдан кейін екінші рет жасап көрдік. Нәтижесінде жүктілікке қол жеткізді. Бүгін біз пациенттің қызы дәрігерлердің көмегінсіз ана болғанын қуана хабарлаймыз», - деді жоғары санатты репродуктолог-дәрігер, репродуктивті медицина институтының медициналық директорының орынбасары Людмила Баделбаева. 

Алғаш рет Қазақстанда экстракорпоральді ұрықтандырудың көмегімен 1996 жылы Алматы қаласында қыз бала дүниеге келді. Ал әлем бойынша алғаш рет бұл тәсілмен 1978 жылы АҚШ-та Луиза Браун атты қыз бала дүниеге келген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.