Таразда көпқабатты үй өртенді
Таразда көпқабатты тұрғын үйдің шатыры өртенді.
17:18 16.10.2019
16 қазан күні сағат 15:30-да 101 пультіне Тараз қаласының 2-ші шағын ауданындағы бес қабатты тұрғын үйінен өрт шыққаны туралы хабар түсті, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар комитеті. Алғашқы өрт сөндіру тобы сағат 15:34-те жеткенде шамамен 100 шаршы метр аумақта шатыр өртеніп жатты.
Осы кезде тұрғындарды эвакуациялау және өртті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тілсіз жауды сөндіруге ТЖД-нің жеке құрамынан 46 адам және 9 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері үй аймағын қоршап алды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!