{metadescription}
Назарбаевтың денсаулығына қатысты ақпарат жарияланды

Назарбаевтың денсаулығына қатысты ақпарат жарияланды

Желіде Елбасының денсаулығы мен физикалық жағдайына қатысты ақпарат пайда болды.

Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың фитнес құрылғысындағы көрсеткішті жариялады.

"Салауатты өмір салты Нұрсұлтан Назарбаев үшін әрқашан басты басымдықтың бірі болған. Әзербайжанға сапары барысында уақыттың тығыз болуына қарамастан, Елбасы серуендеп үлгерді. Ол Каспий жағалауында шамамен төрт жарым шақырым жаяу жүріп өтті", - деп жазды Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Елбасы Айдос Үкібай өзінің Твиттерінде.

Фитнес құрылғының көрсеткішіне сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаев қашықтықты 1 сағат 16 минут ішінде жүріп өткен. Тыныштық күйіндегі жүрек қағысы – минутына 71 рет, қозғалыста – 82 рет. Нұрсұлтан Назарбаев 14-15 қазан күндері Бакудегі Түркі кеңесінің VII саммитіне қатысты. Бірқатар екіжақты кездесу өткізді.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 ақпан

14 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.