{metadescription}
Алматыда балабақшадағы тамақтан құрт шыққан

Алматыда балабақшадағы тамақтан құрт шыққан

Алматы қаласы №130 балабақшасының тамағынан құрт шықты деген ақпарат «Жұлдызша» ересек балалар тобының тәрбиешісі Жанерке Абдулхамитқызынан келіп түсті.

Тамақтан ауырған тәрбиеші:

«Біздегі компот, күріш, ұн өнімінен жасалған барлық тамақта майда-майда құрттар өріп жүр. Бұрындары мән бермеуші едім. Бірақ, құртты жеп отырған тамағымнан 2-3 рет алып шыққаннан кейін көзім жетті. Түскі аста сорпа беріп еді. Соны ішіп, 2 күн бойы аурудан көз ашпадым», - дейді.

Егер тәрбиешінің айтқаны шындыққа негізделсе, онда кішкентай ғана бөбектердің жағдайын елестету тіптен қорқынышты. Тамақтан құрт шыққанын неге кешіктіріп хабарладыңыз?, деген журналист сұрағына:

«Жұмыстан 20 күннен кейін шығатын едім, тыныш кетуді ойладым», - деп жауап берді.

Жанерке Абдулхамитқызының жүзі сұрланып кеткеніне қарап, мәлімдемесі рас-ау деген ойға келесің. Алайда, №130 балабақшасының меңгерушісі ақпаратты 100% теріске шығарып отыр. Меңгеруші Гүлмира Қабдрахманованың айтуынша, тамақтардың сапалы болғаны соншалық, күнде ата-аналар келіп, алғысын айтып кетеді екен.

Дереккөз: adyrna.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде