{metadescription}
Танымал боксшы нокауттан кейін қайтыс болды

Танымал боксшы нокауттан кейін қайтыс болды

Америкалық боксшы Патрик Дэй ауыр нокаутқа түскеннен кейін қайтыс болды.

Қайғылы оқиға жайлы Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) сайтында хабарланды. 27 жастағы Дэй 12 қазанда Чикагода америкалық Чазз Уизерспун мен украиналық Александр Усиктің кешінің андеркартында өткен ұрыста отандасы Чарльз Конвеллмен кездесуге шығып, нокаутқа түскен. Жеңілген боксшы ессіз күйде болды және оны зембілмен рингтен шығарған.

Боксшылар украиналық Александр Усик пен америкалық Чазз Уизерспун кездесуінің андеркардында жұдырықтасқан болатын. Ауруханаға бара жатқанда Патрик комаға түсті. Чикаго ауруханасында дәрігерлер спортшының миына шұғыл ота жасады.

"WBC және оның президенті Маурисио Сулейман Патрик Дэйдің қайтыс болуына байланысты қайғырып, көңіл айтады. Ол бүгін 12 қазанда бассүйек-ми жарақатының салдарынан қайтыс болды. Бұл қиын уақытта Патрик отбасымен біргеміз", - делінген WBC сайтындағы хабарламада.

Патриктің қарсыласы да болған оқиғаға байланысты көңіл айтты.


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде