Оралда қос автокөлік соқтығысып, бір адам көз жұмды
50 жастағы ер адам жедел жәрдем келгенге дейін қаза тапты.
12:16 17.10.2019
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға бүгін түнде Сырым Датұлы мен Ю.Гагарин көшелерінің қиылысында болды. Жедел жәрдем сағат 03.08-де шақырылып, бригада алты минуттан кейін жетті. Шамамен 50 жастағы ер адам жедел жәрдем келгенге дейін қаза тапты.
Алдын ала мәлімет бойынша 1979 жылғы ер адам жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған. Оған қоса денесі көгерген. Ол облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растап, ақпараттың кейін берілетінін мәлім етті. Айта кетейік, облыста қазан айы басталғаннан бергі екі аптада бұған дейін 21 жол-көлік оқиғасы салдарынан 14 адам мерт болып, 17-сі түрлі жарақат алған еді.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сб
Жс
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
Серіктестер жаңалықтары