Маңғыстауда жаппай төбелесте 2 жігіт пышақталды
Маңғыстау ауданының Шетпе ауылында болған жаппай төбелесте 2 жігіт жарақат алған.
14:09 17.10.2019
Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 20 жастағы 2 жігіт оқиға орнынан Шетпе ауылдық орталық ауруханасына жіберілген. Олар пышақтан жарақат алған.
«Екі жігіттің біреуінде кеуде тұсы мен қарын бөлігі жараланған. Оған лапаротомия, бауырдың IV сегментін тігу, іш қуысын қалпына келтіру сияқты ота жасалған. Ал, екінші жігіт бұлшықеттінен пышақ жарақатын алған. Оған алғашқы хирургиялық көмек көрсетілді», - делінген хабарламада.
Қазір екі жігіттің де жағдайы бірқалыпты. Еске сала кетсек, 13 қазан күні Маңғыстауда ат жарыстың арты жаппай төбелеске ұласқан болатын.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!