{metadescription}
Ота кезінде жүкті әйелдің бауырынан бір уыс паразит табылды

Ота кезінде жүкті әйелдің бауырынан бір уыс паразит табылды

Операцияның арқасында 5 келі салмақта сау бала дүниеге келді.

Шымкентте дәрігерлер жүкті әйелдің бауырынан бір уыс паразит алып шықты. 27 қыркүйекте Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасына жүктілік мерзімі 36-37 аптаға келген 1978 жылғы әйел шұғыл түрде жеткізілді.

«Ультрадыбыстық зерттеу кезінде әйелдің бауырының оң жақ аймағында үлкен – көлемі 19 см болатын эхинококк киста табылды. Ішінде 36-37 апталық сәбиі бар әйелді аман алып қалу үшін дәрігерлер шұғыл ота жасады», - деп хабарлады ведомстводағылар.

Ота кезінде әйелдің толғағы басталып кеткен. Сәтті жасалған операцияның арқасында 5 келі салмақта сау бала дүниеге келді. Нәресте мен ананың жағдайы жақсы.

Дереккөз: zakon.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде