Барби спортшы қыз ММА жекпе-жегінде ауыр нокаутқа түсті
Барби деген лақап атпен танымал болған Вандарьева жойқын соққыны өткізіп алып, жекпе-жекті әрі қарай жалғастыра алмады.
12:40 18.10.2019
Жапонияда беларустік аралас жекпе-жек шебері Екатерина Вандарьеваны қарсыласы нокаутқа жіберді. Жекпе-жек Токиода аралас жекпе-жектен One Championship турнирі аясында өтті. Сегізбұрышта Екатерина 33 жастағы америкалық Джанет Тодпен кездесті. Екінші раундта 28 жастағы Вандарьева жойқын хай-кикті (басқа аяқпен жасалатын соққы) өткізіп алып, жекпе-жекті әрі қарай жалғастыра алмады.
"Бүгін жеңілдім! Америкалықпен ашық айқасуға болмайтын білдім, дегенмен ауыр соққыны өткізіп алдым. Бұған қатты ренжідім бе, жоқ па, әзірге білмеймін", - деп жазды Вандарьева жекпе-жектен кейін.
Спортшы қыздың сыртқы көрінісі әйгілі қуыршаққа ұқсас болғандықтан жұрт оны Барби деп атап кеткен. Беларусь қызы кикбоксингпен және муай-таймен айналысады. Ол жекпе-жектің осы түрлерінен әлемнің және Еуропаның бірнеше дүркін чемпионы. Кикбоксингте 58 мәрте жеңіске жетіп, 7 рет ұтылған.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!