Бетін орамалмен сүрткен әйел көзінен айырылып қалған
Клэр екі баласы мен жолдасын ертіп Түркия еліне демалысқа барған екен.
14:40 18.10.2019
Британдық Клэр Уиллис есімді 45 жастағы әйелдің басынан өткен оқиға бұл. Демалыс барысында душтан шығып жатып, бетін сүрткен әйел адам бір-түрлі дауыс естіп, артынша адам шыдамас ауыртпалқты сезінген.
"Мен көзім шарасынан шығып кетті деп ойладым", - дейді Клэр.
Ақыр соңында жергілікті дәрігерлер Клэрдің көз қабыршағы жарылып кеткенін айтып, дереу отанына қайтуға кеңес берген. Алайда олар Лонданға жеткенше әйелдің көзіне вирус түсіп, жарақат асқынып кеткен екен. Ал, британдық дәрігерлер 1 апта бойы алысса да Клэрдің көзін құтқара алмаған екен. Қазір әйел адам жалғыз көзбен өмір сүруді үйреніп жүр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!