{metadescription}
Қазақстанда екпе салынбаған балаларды балабақшаға қабылдамайтын болады

Қазақстанда екпе салынбаған балаларды балабақшаға қабылдамайтын болады

Қазақстанның бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс жобасының жаңа редакциясындағы екпе алмаған балаларды мектепке дейінгі мекемеге қабылдамау туралы ережеге қатысты түсініктеме берді.

Бекшиннің сөзінше, аталған ереженің екпеге қарсы медициналық көрсетімі бар балаларға қатысы жоқ. 

«Расымен де, күнтізбелік жоспар бойынша екпе алмаған балалар мектепке дейінгі мекемелерге жіберілмейді. Яғни бұл ретте сөз екпеге қарсы медициналық көрсетімі жоқ балаларға қатысты. Себебі бізде медициналық қарсы көрсетімі бойынша екпе алмайтын адамдар да бар», - дейді Жандарбек Бекшин. 

Сонымен қатар ол екпеге қарсы медициналық көрсетімі жоқ балаларына екпе салдырудан бас бартқан ата-аналарды әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы ереженің кодекс жобасынан алынғанын атап өтті. Десе де екпе салынбаған баланы қабылдаған мектепке дейінгі мекемелерге 15 АЕК-тен (37 875 теңге) басталатын айыппұл салынуы мүмкін. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.