{metadescription}
Алматылық дәрігерлер 6 жасар баланың асқазанынан 100 теңгелік тиынды алып шықты

Алматылық дәрігерлер 6 жасар баланың асқазанынан 100 теңгелік тиынды алып шықты

Набира Есенованың мәліметінше, балаларға жедел медициналық көмек көрсету орталығына 6 жасар баласын алып келген әйел ұлының тиынды жұтып қойғанын айтқан. 

«Баланың асқазаны шұғыл түрде рентгенография арқылы тексеріліп, нәтижесінде кішкентай пациенттің асқазанында 100 теңгелік тиын барын көрсетті. Дәрігерлер баланың асқазанындағы бөгде затты эндоскопиялық жолмен алып шықты», - дейді қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз хатшысы.

Бүгінде бала үйіне жіберілді. Дәрігердің сөзінше, мұндай жағдайлардағы ең қиыны – ағзадан магниттерді алып шығу. Себебі магниттер құралдарға жабысып қалады. Жалпы, жыл басынан бері балаларға жедел медициналық көмек көрсету орталығына организміне бөгде зат түскен 120-ға жуық бала жүгініпті. 

Дәрігерлер тиын, түйреуіш, кішкентай шар, конструктор сияқты ұсақ заттарды балаларға қолжетімді жерге қоюға болмайтынын ескертеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде