Жұма намазында жарылыс болып, 30 адам қаза тапты
Ауғанстанның шығысындағы Нангархан провинциясында мешітке жұма намазы кезінде әскери зымыран түсті.
08:06 19.10.2019
Екі рет болған жарылыс салдарынан, 30-ға жуық адам қаза тапты, 100-ден астам адам жараланды. Деректерге сүйенсек, 18 қазанда түс кезінде жұма намазына қатысу үшін жұрт мешітке жиналған кезде жарылыс болған.
Құтқарушылар және қарапайым тұрғындар үйінді астынан мәйіттерді шығарып алған. Зымыранның жарылуы салдарынан мешіттің шатыры құлағаны белгілі болды. Трагедияны осы өңірде әрекет ететін ешқандай әскери топ өз мойнына алған жоқ. Еске салайық, 8 қазанда Нангархар провинциясының орталығы Жалалабад қаласында жарылыс болып, кем дегенде 10 адам қаза болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!