{metadescription}
Бөгет жарылып, кемінде 12 адам көз жұмды

Бөгет жарылып, кемінде 12 адам көз жұмды

Ресейдің Краснояр өңірінде бөгет жарылып, он екі адам ажал құшты.

Ресейдің Красноярскі өлкесінде Сейба өзенінде бөгет жарылып, кемінде 12 адам қаза тапты деп хабарлады төтенше жағдай министрлігі. Министрлік дерегіне сүйенген ТАСС агенттігінің жазуынша, 19 адам жараланған, 13 адам із-түзсіз жоғалған. Ақпарат бойынша,19 қазанда жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат алтыда Красноярскі қаласының оңтүстігінен 260 шақырым жердегі Щетинино ауылы маңындағы бөгет жарылды.

Салдарынан жұмысшылар кентінде уақытша тұруға арналған екі жатақхана су астында қалды. ТЖМ мәліметінше, оқиға орнына 270-ке жуық адам мен авиацияны қоса алғанда 50 техника жұмылдырылған. Тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде