Елордалық әйел жеделсатыда дәрет сындырды
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылында орналасқан «Мұнар» тұрғын үй кешенінің жеделсатысында бір жас әйел кіші дәрет сындырды.
09:20 20.10.2019
Жеделсаты ішінде түсіп қалған ол туралы видеоны Кенжегүл Тергембаева есімді желі қолданушы facebook желісіндегі «Шындықтан қаша алмайсың» тобына жариялап жіберді.
«Бүгін таңертеңгі 9-да «Мұнар» ТК-інде толыққанды «зиялы әйел» дәл жеделсатыда кіші дәретке отыра салды. «Біз қайда құлдырап бара жатырмыз? Адамдардың әбден тоқырағаны ғой бұл», - деп ашуланды ПИК төрағасы. Адамдардың сырт келбетіне қарамаңдар, ішкі жан-дүниесі мен тәрбиесіне үңіліңдер» деп жазды ол.
Оны көрген өзге желі қолданушылар да «масқара», «көргенсіз», «қатты қысылған ғой» деп жарыса пікір жазысуда. Осы орайда, Сәуле Темірболатова есімді кісі: «Ұят нәрсені кісі көзінше де, құпия түрде де жасама! Бірінші орында өзіңді өзің құрметтеу тұруы керек», - деп реніш білдірді.
Дереккөз: sn.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!