{metadescription}
Қостанайда өртенген үйде екі зейнеткер көз жұмды

Қостанайда өртенген үйде екі зейнеткер көз жұмды

Қостанай облысында жеке тұрғын үй секторы өртеніп, ерлі-зайыпты зейнеткерлер көз жұмды.

Оқиға кеше түнгі 00:30 шамасында басталған Қостанай ауданының Владимировка ауылында болған. Өрт таңғы сағат 04:51-де сөндірілді.

«Өртеніп кеткен үй орнынан 1952 және 1954 жылы туған ерлі-зайыпты зейнеткерлердің денесі табылды. Мүрделер сот-медициналық сараптамаға жіберілді», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Құтқарушылардың мәліметінше, өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан. Нақты себептері анықталып жатыр. Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды электр сымдары мен пештерді уақытылы тексеруді ескертеді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде