44 жастағы әйел жиырма екінші баласына жүкті
Ұлыбританиядағы ең үлкен отбасының анасы Сью Рэдфорд 22 рет аяғы ауыр екенін айтты.
13:51 21.10.2019
Ол бұл қуанышты жаңалығымен The Radford Family Youtube-арнасында бөлісті. 44 жастағы көпбалалы ана мен оның жары Ноэль жазылушыларына баланың УДЗ суретін көрсетті. Англиялық жұп өткен жылы ғана ендігі бала таппайтындарын айтқан. Себебі олардың 21 баласы бар. Олардың ең кішісі 2018 жылы дүниеге келген.
Көпбалалы ана қазіргі уақытта жүктіліктің 15-аптасында жүргенін айтты. Егер Сьюдің 22-нші перзенті ұл болса, отбасында 11 ұл, 11 қыз баласы болмақ.
Отбасы мемлекеттен арнайы жеңілдіктер алмайды, оларға балаларға төленетін жәрдемақы беріледі. Ерлі-зайыптының отбасылық наубайханасы бар. Онда отағасы мен ересек балалары жұмыс істейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!