Боксшыларымыз халықаралық жарыста 6 медаль жеңіп алды
Нидерландыда бокстан әйелдер арасында халықаралық Эйндховен кубогі өтті.
20:28 21.10.2019
Қазақстан сапынан қатысқан алты спортшы да жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Olympic.kz. 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға қос қазақстандық боксшы Лукас Ангелина мен Жансая Абдраимова жұдырық түйістірді.
Нәтижесінде Ангелина – алтын, Жансая – күміске ие болды. Оған қоса, Ангелина жарыстың ең үздік боксшысы атанды. 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Дәметкен Келімбет екінші алтынды қоржынға салды. Ол финалда Мали спортшысынан басым түсті.
Ал 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сандуғаш Әбілхан финалға шығып, португалиялық қарсыласын жеңіп, жарыс жеңімпазы болды. Арайлым Бекділдә 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медальға ие болса, Сания Сұлтанқызы 57 келіге дейінгі салмақта ел қоржынына қола жүлдені әкелді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!