{metadescription}
Бүгін Әбдіжәміл Нұрпейісов 95 жасқа толды

Бүгін Әбдіжәміл Нұрпейісов 95 жасқа толды

Жазушы, публицист, қоғам қайраткері, Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Әбдіжәміл Нұрпейісов бүгін 95 жасқа толды.

Әбдіжәміл Нұрпейісов 1924 жылдың 22 қазанында Қызылорда облысының Арал ауданы Құланды поселкесіндегі Үшкөң ауылында дүниеге келген. Ол қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан суреткерлердің бірі, қоғам қайраткері. Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов 1942 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін әскерге шақырылып, Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан.

Қысқа мерзімді курстарды бітіргеннен кейін Оңтүстік және Прибалтика майданында, Луганск түбінде миномёт ротасында саяси қызметкер, кейін штабист ретінде Балтық маңында Курлянд плацдармындағы шайқастарға қатысты. Жазушы естелік кітабында өзі туралы «1943 жылдың наурыз айында лейтенант болдым. Әуелі ұшқыштар курсын оқыттым. Курс маған қиын болды. Әуеге көтерілген кезде де, ұшақты қондыру да маған қиынға соғатын», дейді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 ақпан

14 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде