Жолаушының алтын жүзігін такси жүргізушісі алып қашқан
Қажетті мекенжайға жеткен соң, клиент жол ақысын төлеуге ақшасы жетпей тұрғанын айтып, үйге кіріп шығуға өтініш білдірген.
18:56 22.10.2019
"Апару" жүргізушісі клиенттің алтын жүзігін алып, қашып кетті, деп хабарлайды Altaynews.kz. Қала тұрғыны "Апару" таксиін шақырған. Қажетті мекенжайға жеткен соң, клиент жол ақысын төлеуге ақшасы жетпей тұрғанын айтып, үйге кіріп шығуға өтініш білдірген. Кепілдік үшін жүргізушіге алтын жүзігін қалдырыпты. Алайда үйден ақша алып шыққан соң, таксиді таба алмай қалған. Шығын 46 000 теңгеге бағаланды.
"39 жастағы такси жүргізуші ұсталды және ол өз кінәсін мойындады", – деп мәлімдеді ПД-нің баспасөз қызметінің өкілі.
Қылмыстық кодекстің 195-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!